Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны айтылды

5 Сәуір 2022, 18:45
1247
Бөлісу:
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру қашан тоқтайтынын мәлімдеді.

Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болуына байланысты және ұзақ мерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, қалалық әкімдік 2022 жылғы 5 сәуірде 2021-2022 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады,-делінген хабарламада.

Айта кетсек, соңғы күндері қалада ауа температурасы +15 пен +20⁰ С арасында сақталып жүр.

 

Өзгелердің жаңалығы