Алматыда жыл басынан бері 5 млн теңгеге жуық жалған ақша анықталған

2 Тамыз 2019, 20:57
1826
Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 5 млн теңгеге жуық жалған ақша анықталған

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бері Алматыда 5 млн-дай жалған ақша анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы Экономикалық тергеу департментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бері департаментке 4,7 млн теңгеден аса жалған ақша келіп түсті», - делінген хабарламада.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, соңғы кездері Алматыда жалған ақшаның таралу оқиғасы жиілеп кеткен. 

«Жалған ақшалар қатарында әсіресе 5 мың, 10 мың теңгелік купюралар көп. Алматыдағы екінші деңгейлі банктерден жалған ақшалар келіп түсуде, көпшілігі АА3048964, АА0048181, АА0048484 сериясындағыларға ұқсас. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері жалған ақшаларды шығару арнасын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 31 шілде күні Қазақстан Ұлттық банкі 5 мың теңгенің 2011 жылғы үлгісіндегі жалған ақшалардың тарап жатқаны жайлы айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы