Алматыда жүрген 25 өзбекстандық мәжбүрлі түрде елден шығарылды

18 Ақпан 2021, 17:04
1554
Бөлісу:
Алматыда жүрген 25 өзбекстандық мәжбүрлі түрде елден шығарылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде шығарылды.

Алматы қаласы көші-қон полициясы басқармасының хабарлауынша, олар сот шешімі бойынша Қазақстаннан кетуге тиісті болған. Бірақ қайтпай жүріп алған.

Алматы қаласында 15-19 ақпан аралығында «Мигрант» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара мақсаттарының бірі - бұрын сот қаулысымен елден шығарылған шетелдіктердің орналасқан жерін анықтау және отанына оралуына жәрдемдесу. Үш күн ішінде көші-қон қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның 25 азаматын анықтады. Олар бүгін автобусқа отырғызылып, өз еліне қайту үшін шекараға жіберілді. Сондай-ақ, Өзбекстан елшілігімен бірге жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтар құжаттандырылды, - деді Алматы қаласы көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Манас Әбуов.

Өзбекстанға жіберілгендер арасында 34 жастағы Ильнұр Ахметжанов та бар. Ол отанына өздігімен қайтпақ болғанын, бірақ жағдайының келмегенін айтты.

Түрксіб ауданында тұрдым. Мен табыс табу үшін емес, қонаққа келдім. Осыдан екі жыл бұрын мені сот арқылы жер аударды. Дос қызыммен бірге тұрдым, ол құжаттарымды алып кетті. Ал қазіргі уақытта олар маған сертификат берді. Енді өз үйіме ораламын, бұған өте қуаныштымын. Көші-қон қызметіне рахмет, - деп айтты Өзбекстан азаматы.


Өзгелердің жаңалығы