Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

30 Қараша 2021, 12:58
1359
Бөлісу:
Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір ЖРВИ мен тұмау тарайтын кезең, соған байланысты қалада сырқаттанушылар көбейді. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, өткен аптада 12 мыңнан астам адамның тұмаумен ауырғаны тіркелген. Ал, ЖРВИ-дің таралуы өткен апталармен салыстырғанда 3,7 есе артқан. Ауырғандардың 60 пайыздан астамы балалар. 1 қазаннан бері ЖРВИ-дің 86 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 3,6 есе жоғары.

Қазір күн сайын зертханада тұмау вирусының айналымына бақылау жүргізіліп отыр. Бүгін тұмаудың А, HN2 түрінің 25 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ маусым басалғалы ЖРВИ-дің өзге түрлері де кездесті. Вирустың алдын алудың басты жолы халыққа вакцина салу. Биыл Алматы әкімдігімен тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы жеткізілді. 15 қыркүйектен бері бюджет есебінен 128 мыңнан астам адам вакцина алған, ал 3,5 мың адам ақылы түрде салдырған. Сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан 5 мыңдай адам вакцина салдырған,-деді Қалықова.

Сонымен қатар ол қала халқының 6,7 пайызы тұмауға қарсы вакцина салдырғанын жеткізді. Негізі қорғаныс иммунитетін қалыптастыру үшін халықтың жоқ дегенде 10 пайызы вакцина алуы керек екен.

Өзгелердің жаңалығы