Алматыда жолдың қақ ортасында көлік өртеніп кетті

18 Қазан 2020, 13:12
1523
Бөлісу:
Алматыда жолдың қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Алматы, BAQ.KZ.  17 қазан күні кешке Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшелерінің қиылысында «Рено Логан» көлігі жол ортасында жанып кетті. 

Көлікте газ баллоны болған. Көшенің қақ ортасында өртеніп жатқан көлікті өрт сөндірушілер келіп өшірді.

17 қазанда 19 сағат 05 минутта «101» пультiне Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшелерiнiң қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама келiп түстi. Өрт сөндipушiлер 6 минутта келгенде газдың иci шығып,  «Рено Логан» автокөлiгi ашық жалынмен жанып жатты. Көлiктiң салонында газ баллонды құрылғы бар екендiгi анықталды. Жарылу қаупi туындады. 14 өрт сөндipy бөлiмшесi қарауылының алғашқы әрекетiмен ГБҚ салқындату үшiн ГПС 600 көбiктi өрт оқпандарын жiберу ұйымдастырылды. Жарылу қаупi жойылды. Өрт 5 минуттың iшiнде сөндipiлдi, 4 минуттан кейiн 19 сағат 20 минутта толықтай жойылды, - делінген Алматы ТЖД таратқан мәліметте. 
ТЖ департаментi электр қондырғыларына жөндеу жұмыстары мен ГБҚ орнатуды арнайы техникалық қызмет көрсету орталықтарында жүргiзудi ұсынады.
Өзгелердің жаңалығы