Алматыда жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелер анықталды

28 Тамыз 2023, 12:15
1347
Бөлісу:
Алматыда жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелер анықталды
Фото: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ жаңадан 47 жол белгісі орнатылып, 10500 м2 жолдың үстіне таңбалау сызықтары салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек атап өтті.

 Оқу жылы қарсаңында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Оқу орындарының төңірегінде арнайы сараптама жұмыстары жүргізілді. Жол жүру белгілері жаңартылды, тиісті жабдықтармен жабдықталып, қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Сондай-ақ, Алматы қаласында ең жиі жол апаты орын алатын учаскелер анықталды. Сол жерде жол-патрульді полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілді. Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ювеналды полицияның қызметкерлері жұмылдырылды. Алматыдағы мектептерде «Сергек» АӨК-нің 12 бекеті жұмыс істейді. Қосымша 2023 жылы «Сергек»АӨК-нің 97 бекетін орнату жоспарланып жатыр, – дейді Салтанат Әзірбек. 

Брифинг барысында спикер электр самокат пен мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптардың күшейтілгенін атап өтті. 

Мопед жүргізушілеріне велосипед жолымен және арнайы жолақпен, жол жиегімен, жаяу жүргіншілер жолмен жүруге тыйым салынады. Велосипед жолымен және арнайы жолақпен жүруге электр самокат жүргізушілеріне рұқсат етіледі. Электр самокат жүргізушілері велосипед жолымен және арнайы жолақпен болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда жүру керек. Жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек, – деді Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы