Алматыда жол ережесін жиі бұзатындар кімдер?

24 Тамыз 2020, 14:09
1263
Бөлісу:
Алматыда жол ережесін жиі бұзатындар кімдер?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы жол ережесін кімнің жиі бұзатынын айтты. Бұл туралы Polisia.kz. жазды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың жеті айында жергілікті Полиция қызметі басқармасы және Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы 134 мың 206 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтаған.
Оның 5435-і жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған. Жүргізушілер арасында 128 мың 771 заңбұзушылық тіркелді. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізген 713 жүргізуші бар. Ең көбі түтін шығару нормаларынан асып кету - 4087, қауіпсіздік белбеуін тақпау - 5379, ұялы телефонмен сөйлесу - 3495, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы