Алматыда жоғалған қыздың мәйіті таудан табылды

20 Қыркүйек 2022, 05:18
1585
Бөлісу:
Алматыда жоғалған қыздың мәйіті таудан табылды

Алматыда жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғалған қыз туралы полицияға кеше оның сіңлісі хабарлаған.

Оның айтуынша, 17 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында үйден шығып кеткен әпкесі қайта оралмаған.

Сіңлісінің айтуынша әпкесі үйден шағар алдында жігітімен сөйлесіп, екеуі тауға баруға келіскен. Біраз уақыт өткен соң әпкесі оған өзін тауда өрмекші шағып алғанын жазған.

Таулы аймақта өзен жағасында жүргізілген іздестіру барысында жоғалған қыздың денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ, – дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы