Алматыда жиһаз жасайтын цех өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алатау ауданы "Шапағат" ықшам ауданындағы Головацский көшесі, 59 мекенжайында жиһаз жасайтын цех өртке оранды.

 29 Маусым 2020, 11:23
29 Маусым 2020, 11:23
2058

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алатау ауданы "Шапағат" ықшам ауданындағы Головацский көшесі, 59 мекенжайында жиһаз жасайтын цех өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, цехтың өртеніп жатқаны туралы сағат 9:50 кезінде хабарланған.

Аудан аумағында су көзі аз болғандықтан, үздіксіз су жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің қабылдаған шараларының арқасында 120 шаршы метрді қамтыған көк жалын сағат 10:36 кезінде өшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған. Конструкцияларды бұзу және су төгу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Наверх