Алматыда жер сілкінісі сезілді

7 Ақпан 2023, 09:40
1598
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: nform.kz

Алматыда жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Олардыңі мәліметінше, Алматыда бүгін сағат 08:46-да жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,7. Эпицентр координаттары - 44,91° солтүстік 80,95°Ш. Тереңдігі - 15 шақырым, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы