2026 жылғы 29 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:09-да Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.
Сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта болған. Ошақ координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.
Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Мамандардың айтуынша, сейсмикалық белсенді аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуі маңызды.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері 2026 жылғы 18 шілдеде Павлодардан 200 шақырым аумақта Астана уақытымен сағат 02:09-да жер сілкінісі тіркелген еді.
Тағы оқи отырыңыз:
Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: Кемінде 50 адам жарақат алды
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5,5 мыңнан асты