Алматыда жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатыр

8 Қараша 2019, 11:14
2517
Бөлісу:
Алматыда жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда "Адалдық алаңы": сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы" атты форум басталды. 

Шараны ұйымдастырушылар форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға және үздік халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қасы тәжірибелерді тарта отырып жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей моделін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады. 

Жемқорлықпен тек мемлекеттік органдар ғана күресу керек деген түсінік қате, онымен қоғам болып күресуіміз керек. Бүгінгі форумда азаматтық қоғам мен меелкеттік органдардың өкілдері қатысып, жемқорлықпен күресті жетілдіру жағын талқылайды. Азаматтық қоғам жемқорлықпен күресте тек ұсыныс жасап қоймай, оған өзі де атсалысуы керек. Сол кезде ғана жемқорлықты жеңе аламыз. Алматыда "Адалдық алаңы"  жобасы іске қосылған, онда сенім телефоны жұмыс істейді және қаланың әр тұрғыны жемқорлықпен күресте өз ұсынысын жасай алады, - дейді Алматы "Адалдық алаңы" офисінің өкілі Александр Братинков.

Жиын барысында пленарлық отырыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа инновациялар мәселелері бойынша және мемлекеттік секторға азаматтық бақылауды күшейту тұрғысында пікір алмасу өтеді. 

Форумға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдері қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы