Алматыда жеке үйлерде газ жарылып, 4 адам зардап шекті

17 Желтоқсан 2023, 20:04
1076
Бөлісу:
Алматыда жеке үйлерде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Фото: instagram.com/talgar_akimat

Алматы облысының Талғар ауданында жеке үйлерде газ жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.

17 желтоқсан сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі 67 мекен-жайындағы және сағат 08:20-да Гүлдала ауылы, Сүйінбай көшесі, 34 мекен-жайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының өршуінен газдың жарылуы орын алды. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы мүмкіндігінен болуы болжамы бар. Нақты себебін анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс жүргізуде, - деп жазды Талғар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков оқиға орнына барып, оқиға салдарымен танысты.

Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастырып, тұрғын үйлерді аралап, тексеру жұмыстарын қолға алуды тапсырған.

Өзгелердің жаңалығы