Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды

28 Сәуір 2022, 11:39
2392
Бөлісу:
Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Бірге жасаймыз» білім беру көркем жобасына қатысушы балалардың «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ашылды.

Биыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланған. Соның аясында аталған шығармашылық бірлестік  балалар шығармашылығын қолдау мен ата-аналар, оқытушылардың өзара қарым-қатынастарын дәріптеу мақсатында көрмені ұйымдастырып отыр.

Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды

Көрмеде бейнелеу өнерінің барлық түрлері ұсынылған, оның ішінде сурет, кескіндеме бойынша балалардың академиялық жұмыстары, түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған шығармашылық композициялары кеңінен орын алған.

Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды

Жобаны ұйымдастырушы Дина Меркенова көрмеге жүзден аса жұмыс қойылғанын айтады.

Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды

Бұл балалар арасында өткізіп отырған жоспарлы көрме. Оның үстіне биыл Балалар жылы. Сондықтан көрмеге 4-17 жас аралығындағы балалардың суреттері қойылды. Келген жұмыстың барлығын көрмеге шығардық, өйткені өнерде жаман, жақсы деген болмайды. Әркім айналаны өзінше танып, біледі. Кез келген жұмыс ерекшеленіп тұрады. Егер бұл байқау болса бәріне сыйлық таратар едім,  - дейді Меркенова.

Сонымен қатар ол көрмені неліктен музейде ұйымдастырғандарын атап өтті.

Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды

 

Біздің студияға келетін балалардың көбі музейде болмаған екен. Сол себепті балаларды құндылықтарымыз сақталған мәдени орынға тарту үшін осындай қадамға бардық. Балалар бір жағынан музейді аралап дүниетанымын кеңейтеді, екіншіден өз жұмысын музейден көріп шабыт алып, жігерлене түседі, өздеріне деген сенімі артады. Көрме музейде өтеді деп едік, балалардың барлығы сурет салуға асықты, – деді ол.

Көрме 11 мамырға дейін жалғасады.

Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
Алматыда жас суретшілердің көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы