Алматыда «Жаңғақты күз» акциясы басталды

4 Қазан 2022, 13:05
849
Бөлісу:
Алматыда «Жаңғақты күз» акциясы басталды

Балалар  үшін 3 келі, ал ересектер үшін 7 келі жаңғақ. Акцияның талабы осындай.  Яғни, осынша мөлшерде емен жаңғағын жинаған адамға тегін билет беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Биыл іс-шараның тұрақты түрде өтіп келе жатқанына 8- жыл. Қазан айында басталып бір айға жалғасады. Оған қаланың қарапайым тұрғындарынан бастап, мекемелер мен оқу орындары да қатысады. 

Осыдан 3-4 жыл бұрын қаладағы бір балабақша 160 келі жаңғақ жинап алып келді. Кішкентай бүлдіршіндер саябаққа серуендеуге шыққанда өз қолдарымен жинаған.  Жоғары оқу орындарының студенттері жақсы ат салысады. Олар тегін билеттерді балалар үйлері немесе қарттар үйіндегі кісілерге беруімізді өтінеді, - деп хабарлайды Алматы хайуанаттар бағының ресми өкілі Ақжәми Рахимова.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері 2019 жылы мұндағы жануарлардың қыс бойы жаңғақ жеп шыққандығын айтады. Себебі сол кезде  4 тоннадан астам өнім жиналған. Әзірге мұндай көрсеткіш әлі қайталанбапты. Былтыр 3 тоннадан асыпты.     

Бұл емен жаңғағы негізгі тамақтың үстінен қосымша ретінде беріліп отырады. Емен жаңғағы екінші қазақта шошқа жаңғағы деп атайды. Сол айтқандай біздегі  жабайы қабандар, бұғы тұқымдастары, ақбөкендердер 2014 жылдан бастап өмір сүріп жатыр олар да жеуді үйрене бастады. Біз малдарды қысқы уақытқа күйлерін жақсарту үшін осындай іс-шараларды жүргізіп отырмыз, - деді  Алматы хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі Балабек Мақатов.

Одан өзге керік, марал, ешкі мен қой да жаңғақты сүйсініп жейді. Мамандардың айтуынша, оның құрамы пайдалы заттарға бай. Сондықтан қыс кезінде ешқандай артық болмайды. Акция 7 қарашада аяқталады. 

Дәл сол күн – хайуанаттар бағының құрылған күні. Биыл зообаққа – 85 жыл.  Ал, шараға белсене атсалысқандарға алғыс хатпен қоса бағалы сыйлықтар табысталады. 

Өзгелердің жаңалығы