Алматыда жаңа қосалқы электр стансаларының құрылысы басталды

11 Қаңтар 2021, 22:15
1430
Бөлісу:
Алматыда жаңа қосалқы электр стансаларының құрылысы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінде Алматыда жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Қоғамға қажет барлық нысан мен әлеуметтік объекті 100%-ға жылуға қосылған және тұрақты жұмыс істейді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (АлТС, КБАЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК және ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев шаршысындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансаларының құрылысы басталды. Қазандықтың қуатын арттыру үшін және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою үшін, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғыртылуда, - делінген хабарламада. 

Жыл сайын барлық жұмыс Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жүргізу.

Өзгелердің жаңалығы