Алматыда жаңа 2 басқарма құрылады

21 Ақпан 2024, 10:35
1485
Бөлісу:
Алматыда жаңа 2 басқарма құрылады
Фото: видеодан скриншот

Алматыда қалалық мәслихаттың 2024 жылғы алғашқы сессиясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов мәслихат депутаттарына Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасын құруды ұсынды. 

Оның айтуынша, Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысын қайталамайды, толықтырады.

Алматыда жаңа 2 басқарма құрылады

Төтенше жағдайлар департаменті қандай да бір апат болса, соның салдарымен күреседі. Ал Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы оның алдын алуға бағытталған. Халықты оқытып, дайындықтан өткізу, қаладағы құрылыс нормаларын сақтау функцияларын жүргізеді, - деді Бейбіт Шаханов.

Сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы екі жаңа басқармада қаладағы лимит шеңберінде болатанын атап өтті.

Қосымша адам саны болмайды. Сондықтан бюджеттен бұл басқармаларды құру үшін қосымша қаражат қажет етілмейді. Қызметкерлер өзге басқармалардан және аудан әкімдіктерінен алынады, - деді ол.

Мәслихат депутаттары сессия барысында жаңа өзгеріске бірауыздан дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы