Жалдау төлемін тоқтата тұру бойынша жүгінетін кәсіпкерлер саны азаймай тұр

19 Мамыр 2021, 14:45
2258
Бөлісу:
Жалдау төлемін тоқтата тұру бойынша жүгінетін кәсіпкерлер саны азаймай тұр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жалдау төлемдерін тоқтата тұруға 216 өтінім қабылданған және өңделген. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдер бойынша жоспар 256,4 млн теңгеге қысқарды. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев онлайн брифинг барысында айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі биылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығындағы кезеңде ШОБ өкілдерімен жалдау шарттарына жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы ШОБ субъектілерімен 307 жалдау шартын жасасты. Қазіргі уақытта сайт қайта іске қосылды, ол шағын орта бизнесті жалға алушыларға ҚР аумағында ТЖ әрекет ету кезеңіндегі сияқты жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім беруге және қосымша келісімдер жасасуға мүмкіндік береді,-деді Әлиев.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының сайтында жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім беру бойынша егжей-тегжейлі бейненұсқаулық бар екен. Оған қоса «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы Telegram қосымшасында мемлекеттік мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға жауап бере алатын виртуалды кеңесші, gosaktivy_bot чат-ботын іске қосқан.

Есептік 2020 жылы Мемлекеттік активтер басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау және НҚА-ға өзгерістер енгізу шеңберінде 2020 жылдың 20 наурызынан бастап соңына дейін жалдау төлемдерін тоқтата тұруға шағын және орта бизнес субъектілерімен 1432 қосымша келісім жасады, бұл ретте түсімдердің кіріс бөлігі 740,29 млн теңгеден 382,1 млн теңгеге дейін қысқарды, - дейді ол.

Сонымен қатар ол жыл сайын 60 мың шаршы метрден астам мемлекеттік алаңдар жалға берілетінін айтты. Онда қоғамдық тамақтандыру (мектеп асханалары) - 39,5%, жеке мектептер мен балабақшалар – 24,54%, басқалар (нотариустар, ателье, кеңселер) - 16,32%, оқыту және спорт секциялары – 9,2%, мемлекеттік мекемелердегі буфеттер мен асханалар – 7,82%, ұялы байланыс операторларының антенналары – 1,14%, ПИК, қызмет көрсетуші компаниялар -1,02%, банктер, кассалар және вендингтік автоматтар - 0,46% құрайды екен.

Өзгелердің жаңалығы