Алматыда жағдайы аса ауыр науқастар саны азайды

22 Шілде 2020, 16:49
1513
Бөлісу:
Алматыда жағдайы аса ауыр науқастар саны азайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, басты міндет - қайтыс болу жағдайын азайту, ол үшін реаниматолог, пульмонолог, анестезиолог, кардиолог және инфекционист мамандары қатарынан реаниматология және анестезиология орталығы жұмыс істеуде.

Бұл қаланың барлық реанимациялық бөлімшесі пациенттерінің жай-күйін бақылайтын және әрбір ауыр пациенттің жағдайын қадағалайтын Жеделдетілген реанимациялық жедел әрекет ету тобы. Жеделдетілген реаниматологтар тобы қала клиникаларының реанимация бөлімшелерінің жабдықталуына мониторинг жүргізеді, ауыр пациенттер бойынша консилиумдарға қатысады. Біз орталық жұмысының оң нәтижесін байқап отырмыз, аса ауыр және ауыр пациенттердің саны азайды. Бүгінде 100-ден астам пациенттің жай-күйі тұрақталып, оларды реанимациялық бөлімшеден палатаға ауыстыру мүмкіндігі туды, - дейді Надыров.

Сонымен қатар, ол сапалы емдеуге әсер ететін факторлардың бірі – пациенттерді медициналық оттегімен қамтамасыз ету болғанын айтты. 

Осы мәселені жүйелі шешу үшін медициналық ұйымдарда оттегі стансаларын орнату жөнінде қалалық бағдарлама қабылданды. Осылайша, 40 күн ішінде бірінші эшелонның төсек-орны 100% оттегімен жарақтандырылатын болды, - дейді ол. 

Сөз арасында ол жеделдетілген бригадалардың жұмысына тоқталып өтті.

Бүгін біз жеделдетілген бригадалардың жұмысына қатысты көптеген сұрақ алудамыз. Бұл жерде жеделдетілген бригадалар амбулаториялық пациенттерге көмек көрсету үшін құрылғанын, олар қажетті ЖҚҚ-мен жабдықталғанын, ПТР алуды жүргізетіндігін, қажет болған жағдайда емдеуді тағайындайтынын және тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген үйде стационарды ұйымдастыратынын атап өткім келеді, - деді басқарма басшысы. 

Оның айтуынша, тәуекел тобындағы амбулаториялық пациенттерге бақылауды күшейту үшін науқастарды бақылау орталығы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Мониторинг орталығына түрлі саладағы 58 дәрігер, атап айтсақ, терапевт, педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар, кардиологтар жұмылдырылды. Мониторинг орталығы 1 шілдеден бастап амбулаториялық емделуде жүрген тәуекел тобындағы пациенттерге 505 консультация жүргізді. Бұл жұмыс жалғасады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы