Алматыда жаңадан тұрғызылып жатқан үйден өрт шықты

25 Қазан 2019, 12:23
2060
Бөлісу:
Алматыда жаңадан тұрғызылып жатқан үйден өрт шықты
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Жамбыл көшесінің бойында жаңадан салынып жатқан екі көпқабатты үйдің төбесіне жылылау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт шықты.

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 11:00 шамасында Мұқанов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында өрт болып, қалың түтін қаланы басып кетті.

"Сағат 11.01 кезінде Алматы қаласы ТЖД қызметі өрт шыққан аймаққа аттанды. Өрт Жамбыл көшесі 155 мекенжайында жаңадан салынып жатқан үйлерден шыққан. Өрт үйдің төбесін жылылау жұмыстарын жүргізу кезінде шыққан. Шамамен 300-400 шаршы метр өртке оранған. Сонымен қатар қаптама материалдары да өртенген. Сағат 11.19 шамасында өрт өшірілді", - деді ведомствадағылар.


Өзгелердің жаңалығы