Алматыда зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті

Марқұм 70 жаста болған.

17 Шілде 2026, 15:23
АВТОР
 видеодан скриншот 17 Шілде 2026, 15:23
17 Шілде 2026, 15:23
236
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының Бостандық ауданында зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлаған.

Белгілі болғандай, күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел адам құлап кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 70 жаста болған және осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қажетті процессуалдық іс-шараларды жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізуде.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 9-қабаттан құлаған бойжеткенді дәрігерлер аман алып қалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх