Алматыда зауыт жұмысшыларына вакцина салынды

29 Маусым 2021, 19:25
3066
Бөлісу:
Алматыда зауыт жұмысшыларына вакцина салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Индустриалды аймағына орналасқан кәсіпорындардың шақыруымен мобильді екпе бригадалары «Алмапақ» зауытының жұмысшыларына вакцина салды. Әкімдіктің таратқан деректеріне сүйенсек, зауытта вакцина салдыруға 30 адам жазылған. Барлығы осы зауыттың жұмысшылары. Олар вакцинаның екі компонентін алыпты.

Біз құрғақ құрылыс қоспаларына арналған қағаз шығарамыз. Өндірісті тоқтатуға болмайды, өйткені біздің өнім Өзбекстан мен Қырғызстанға да қажет. Сонымен қатар біздің барлық қызметкерлеріміздің отбасы бар, сондықтан олар екпені саналы түрде алып отыр. Мен сәуір айында вакцина алдым, кейінірек жұмысшыларға ұсындым. «Дархан» шағын ауданындағы емханаға өтінім беріп, медициналық бригада келіп, вакцина салды, – деді зауыт қызметкері Айдар Қасенов.

«Алмапақ» - Алматы индустриалды аймағындағы жұмысшылар бригадасы вакцина алған алғашқы өнеркәсіптік кәсіпорын емес. Сәуір айында «Алматы электр қалқаны», «Хюндай Транс», «КСМ Техновид» пен «Масло-дел» зауыттары ұжымдары да жаппай вакциналаудан өткен екен.


29 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 438 930 адам вакцина алған. Өткен тәулікте 10 398 адам вакциналанды. 60 жастан жоғары вакцина алғандар саны 74 656 адамды құрайды.

Мегаполисте медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істеп тұр. (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Өзгелердің жаңалығы