Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысында айтты.
Жиын барысында қала әкімі бүлік кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерін қолдау үшін қалалық «Алматы бизнес-2025» бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілетінін жеткізді.
Зардап шеккен шағын және орта бизнес субектілерін қолдау мақсатында 2%-ы кредит тағайындалады. Шекті сомасы 10 млн теңгеге дейінгі кредиттің мерзімі 12 ай. Сондай-ақ Infokazakhstan.kz порталына жүгінген кәсіпкерлердің кредиті мен өсімпұлы 180 күнге дейін шегеріледі. Барлық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жарты жылға дейін кредит берудің жоғары шегі сақталады. Оған қоса кепілсіз кредиттің жылдық мөлшерлемесі төмендейді, яғни 12 пайыздан 9%-ға дейін,-деді Сағынтаев.
Сонымен қатар ол қаланың шеткі аудандарын дамыту жалғаса беретінін жеткізді.
Байқап отырғанымыздай қаланың шеткі аудандарын дамыту шараларын ертерек қолға алу керек еді. Президент айтып өткендей Жаңа Қазақстанның мақсаты ел тұрғындарының әл-аухатын жақсартуға бағытталған. Тұрғындардың табыс алшақтығын жақындату, жұмыс орнын құрып, инфляцияны ұстау. Қалада орташа жалақы 283 мың теңге болғанына қарамастан кейбір салада оның төмен екені белгілі. Халықтың жағдайын жақсарту мен жұмыспен қамтуды жақсарту үшін ескірген экономикадан арыламыз. Базар саудасынан құтылып, сауданың басқа жолдары енгізіледі, оның ішінде онлайн саудаға басымдық беріледі,-деді әкім.
Сонымен қатар ол қаладағы жоғары технологиялық саланы дамыту бойынша экономиканы көтеру қолға алынатынын айтты. Оның ішінде цифрландыру, креативті экономика, өнеркісіп сияқты саланы дамытуға екрекше көңіл бөлінеді. Әкім сұраныстағы кадрлардың жоқтығы еңбек нарығында мәселе тудырып отырғанын айта келе, білім беру басқармасына талапқа сай кадрларды дайындау үшін колледждерді қайта қарауды тапсырды.