Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды

9 Қыркүйек 2023, 15:40
1470
Бөлісу:
Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсталғандардың 18-і - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

Өзгелердің жаңалығы