Алматыда заңсыз сақталған 147 қару анықталды

5 Наурыз 2023, 12:55
1107
Бөлісу:
Алматыда заңсыз сақталған 147 қару анықталды
Фото:  Polisia.kz

Алматылық полицейлер  қоғамдық тәртіпті алдын алу мақсатында «Қару» жедел іс-шарасын өткізді,  деп хабарлайды BАQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заңсыз сақталған қаруды анықтау үшін 38 топ құрылды. Жедел алдын алу шарасы барысында барлығы 147 азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, есепке алу және қайта тіркеу шарттарын бұзу деректері анықталып, нәтижесінде 145 жекеменшік иесі және 2 заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін 89 бірлік тіркелген қару тәркіленді. Одан бөлек, заңсыз айналымнан 8 бірлік тіркелмеген қару, 1 бірлік жарылғыш зат, 549 мылтықтың патроны, 6 тегіс ұңғылы қарудың патроны, 10 травматикалық қарудың патроны, 5 дана суық қару, 2 жарықты-шулы граната тәркіленді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматыда заңсыз сақталған 147 қару анықталды

Тексеріс барысында пневматикалық қарулар мен электрошокерлерді сататын жерлер анықталған. Заңға сәйкес, лицензиясы бар заңды тұлғалар қару сатуға құқылы екенін атап өтті.

Алматыда заңсыз сақталған 147 қару анықталды

«Қаламыздаңы барлық базарларға тексеріс жүргіздік. «Ялян» базарында пневматикалық мылтық пен электрошокерлерді сататын жеке кәсіпкерлер анықталды. Олар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, құқықтық баға берілетін болады», – деді Алматы қалалық ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің басшысы Рахим Толокулов. 

Өзгелердің жаңалығы