Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді

Сот шешімін орындау аясында нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзуға кірісті.

 Алматы қаласы әкімдігі 25 Қараша 2026, 22:24
25 Қараша 2026, 22:24
67
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Жетісу-2 шағынауданында орналасқан LAPARK дәмханасы сүрілді. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан 83/2 мекенжайында орналасқан.

Бұған дейін дәмхана иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған.

Осыған байланысты басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қабылданып, құқық бұзушылық туралы іс материалдары сотқа жолданған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік жаза тағайындалып, заңсыз салынған бір қабатты күрделі құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған.

Сот шешімін орындау аясында нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзуға кірісті.

Наверх