Алматыда заңсыз ойын мекемелерін ашқан 4 қылмыстық топ құрықталды

29 Мамыр 2021, 00:25
25850
Бөлісу:
Алматыда заңсыз ойын мекемелерін ашқан 4 қылмыстық топ құрықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады.

Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94 қылмыс тіркелді, 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, онлайн-құмар ойындары ұйымдастырылған  7 жерасты ойынханасы мен 9 компьютерлік клубтың көзі жойылды. 1200-ден астам ойын терминалдары алып тасталды және заңсыз айналымнан жойылды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Алматы қаласында 60 пункттен тұратын заңсыз ойын мекемелерінің желісін құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі сотталды (соның ішінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды).
Өзгелердің жаңалығы