Алматыда «Ялян» базары өртенді

29 Желтоқсан 2021, 17:48
1706
Бөлісу:
Алматыда «Ялян» базары өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданындағы «Жаңа Ялян» базары өртке оранды. 

ТЖД қызметкерлеріне базардың өртеніп жатқаны туралы мәлімет сағат 16.45 кезінде түскен. 

Өрт сөндірушілер Солтүстік айналым тас жолы, «Жаңа Ялян» 9/2 сауда үйі мекен жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты, келген сәтте екі  контейнерлердің жануы орын алғанын анықтады. Сондай-ақ үшіншісі зақымдалған.  Өртті  сөндіру және көршілес контейнерлерді қорғауға оқпандар еңгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметі  жұмыс істеуде , өртті  әрі қарай  таралуын болдырмау үшін көрші контейнерлер кесіліп  ашылды. Қабылданған шаралармен өрт 17:11-де ауыздықталып, 17:16-да толығымен жойылды,-деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы