Блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Соттың қаулысымен бұрын тонау қылмысын жасаған күдіктіге қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Әділетхан Молдахан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған.
Ол бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде Әл‑Фараби даңғылы бойында болған жол апатына қатысты видео жариялап, үш адам қаза тапқан оқиғаға құқық қорғау органы қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Оқиға қатысты полиция қызметкерлері де тексеріледі.
Ал Ішкі істер министрі Ержан Саденов жағдайдың ерекше бақылауда екенін айтып, бірқатар басшы қызметінен босатылғанын жеткізді.
Сондай-ақ, Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталғаны хабарланды.