Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті

18 Наурыз 2024, 14:11
3592
Бөлісу:
Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: Алматы облысы ПД

Жоғалған үш жасар қызды Алматы облысында бір тәуліктен астам уақыт іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бала 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. Қыздың анасы кешке полицияға жүгінген. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар қосылған.

"Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үйден кетіп, үш жасар қызы оралмағаны туралы хабарласты. Бұл факт дереу аудандық полицияда тіркелді. СОБР инспекторлары,кинологтар, ЖМК қызметкерлері мен жедел блоктан арнайы іздеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта арнайы үйретілген иттерді пайдалана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Өзгелердің жаңалығы