Алматыда ұлыбританиялық дәрігер күрделі ота жасады

Бөлісу:
Алматыда ұлыбританиялық дәрігер күрделі ота жасады
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Еуропаның жетекші кардиологының қатысуымен шеберлік сағаты өтіп, ота жасалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Интервенциялық кардиолог Джулиан Стрендж жүрек тамырларының зақымдануының күрделі формаларын түсіндірді.

Алматыда ұлыбританиялық дәрігер күрделі ота жасады

Бұл шеберлік-класс соңғы буын ROTA PRO жүрек тамырларын ротаблациялау жүйесін пайдалана отырып өткізілді. Бұл жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылуда. Бұл бізге ең күрделі патологиялары бар науқастарды емдеуге көмектеседі. Коронарлық артериялардың кальциленген зақымданулары және созылмалы жалпы окклюзиялары бар пациенттерге тері арқылы коронарлық араласулар жүргізілді. Шеберлік класына Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары қатысты. Қала дәрігерлері кәсіби және клиникалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды, - дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов. 

Алматыда ұлыбританиялық дәрігер күрделі ота жасады

ҒЗИ-ның рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, коронарография жасау кезінде пациенттердің 10-20%-ында - жүрек тамырларының созылмалы окклюзиясы анықталады. Коронарлық артерияның созылмалы окклюзиясында жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз ететін тамыр толығымен жабылып қалады. Жүрек жеткілікті оттегін алмайды, бұл өмір сапасының төмендеуіне, ентігуге әкеледі.

Коронарлық артериялардың күрделі және кальциленген зақымдануы коронарлық стенттеу кезінде асқыну қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан оңтайлы техника мен құралдарды таңдау бұл процедураның маңызды аспектісі болып табылады. Біз жасап жатқан операциялар - ең күрделі жағдайлар. Бірақ біз тәуекелдерді барынша азайта отырып, пациент үшін мұндай араласуларды мүмкіндігінше қауіпсіз жүргізуді үйрендік. Қазақстандық дәрігерлердің жоғары деңгейі мен тәжірибесін атап өткім келеді, - деп Джулиан Стрендж ойымен бөлісті.

Клиниканың рентгенхирургтары аорта қақпақшасының ауыр стенозымен 90 жастағы науқасқа TAVI операциясын жасады. Мұндай науқастарға қолқа қақпағын ауыстыру үшін кардиохирургиялық операциялар жасауға болмайды. Өйткені олардың кенеттен қайтыс болу қаупі жоғары. 

TAVI - қолқа қақпағын жасанды биологиялық клапанмен ауыстырудың заманауи, аз инвазивті әдісі. Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінеді. Барлық көрсеткіштер қалыпты, отадан кейінгі асқынулар болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы