Алматыда уланып қалған 58 оқушының барлығы ауруханадан шықты

 almaty.fizmat.kz 22 Қазан 2026, 11:35
22 Қазан 2026, 11:35
117
Фото: almaty.fizmat.kz

Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) барлық оқушысы емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазаннан бастап стационарға барлығы 58 бала жатқызылған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізген.

Қазіргі уақытта ауруханаға түскен балалардың барлығы емделіп, үйлеріне жіберілді.

Еске салайық, Алматыда оқушылар жаппай уланып, РФММ қызметі уақытша тоқтатылғаны белгілі болған еді. Қазанның 12-14 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Артынша Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға байланысты байланысты мәлімдеме жасады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше  мамандар «Master Food» ЖШС-нің тамақтану блогын тексеру барысында азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтады. Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Наверх