Алматыда туристер тобы құтқарылды

5 Қаңтар 2023, 17:56
620
Бөлісу:
Алматыда  туристер тобы құтқарылды

Алматы тауларында арнайы орнатылған үйшіктерді паналаған туристер тобы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туристік топтан ажырап қалған үш алматылық 25 желтоқсанда «Кіші Алматы айналымы» бағыты бойынша адасып қалады. Өз күштерін ескермей, арнайы жабдықтарсыз және азық-түлік қорынсыз олар Кіші Алматы шатқалындағы арнайы таулы үйшікті паналайды. 

Бүгінде Алматы тауларында аса маңызды бағыттардың қиылысу нүктелерінде 18 тау үйшігі орнатылған.

Үйшіктерде барлық қажетті жағдай жасалған: құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесі алғашқы көмек апаттық жиынтығы мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы Арнайы үйшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған. Үйшіктер 2GIS мобильді қосымшасында картаға енгізілген. Жақында орнатылған 3 үйшік те цифрландырудан кейін қосымшаға енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы