Алматыда тұрғындардың шағымынан кейін стадион орнына құрылыс салынбайтын болды

22 Мамыр 2021, 15:17
2299
Бөлісу:
Алматыда тұрғындардың шағымынан кейін стадион орнына құрылыс салынбайтын болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Білім және Жайлы қалалық орта басқармалары Әуезов ауданындағы Таугүл шағын аудан тұрғындарының №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжін кеңейту туралы өтінішіне орай түсінік берді.

Әкімдік, стадионның қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірген тұрғындардың пікірін ескере отырып, сарапшылармен және халықпен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізілгенін хабарлады.

Педагогикалық колледждің әлеуетін, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындардың мүдделерін кеңейтудің шұғыл қажеттілігін ескере отырып, келесі шешім ұсынылды: қолданыстағы аумаққа – стадионға тиіспей, колледж аумағында жаңа ғимарат салынады,-делінген хабаралмада.

Сонымен қатар тұрғындардың демалысы мен уақыттарын пайдалы өткізуі үшін стадион аумағы абаттандырылатыны, оны тұрғындардың пікірін ескере отырып жасайтыны айтылған. Тұрғындар бұл жерге еркін кіре алады.

Өзгелердің жаңалығы