Алматыда тұңғыш Карта галереясы ашылды

24 Тамыз 2022, 16:02
2085
Бөлісу:
Алматыда тұңғыш Карта галереясы ашылды
PHOTO

Конституция күні қарсаңында ІІМ Алматы академиясында айтулы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Академияда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, 15 жылдан астам уақытын дүние жүзінен Қазақ мемлекетін көрсететін көне карталарды іздеуге арнаған Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет Қазақ мемлекеті көрсетілген Карта галереясының ашылуы болды. 

Алматыда тұңғыш Карта галереясы ашылды

Көп жылғы ғылыми ізденістердің нәтижесінде XV ғасырдан бері мемлекеттігімізді растайтын 300 тарихи карта ғылыми айналымға енгізілді және «Қазақстанның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті. 

Атлас» атты кітап 2021 жылдың соңында Брюссельде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді. Онда 130 сирек кездесетін ортағасырлық карталардың (1562-1879 жж.) хронологиялық тәртіппен сипатталған, сараланған, жүйеленген, аударылған, толық деректері мен ғылыми-техникалық параметрлері берілген. 

Алматыда тұңғыш Карта галереясы ашылды

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жоғары бағалаған авторлық сипаттамалар мен коментариилер де бар.

Аталған еңбектің Тәуелсіздік жағдайында қоғам руханиятын жаңғыртудың, оның ұлттық санасы мен ұлттық мақтанышының, тарихи жадының өсуінің, Отанның объективті және шынайы тарихын қалпына келтірудің белсенді үдерісі жүріп жатқан кезде Жаңа Қазақстан құру үшін маңызы зор.

Алматыда тұңғыш Карта галереясы ашылды

Академия қонағы № 2 факультет тыңдаушыларына лекция оқу барысында   Қазақ мемлекетінің тарихи тәжірибесіне талдау жасай отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі геосаяси процестерге ғылыми тұрғыдан баға беру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы