ІІМ: Елде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

11 Қыркүйек 2023, 11:11
604
Бөлісу:
ІІМ: Елде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Фото: BAQ.KZ - архив

Өткен аптада республика аумағында 2908 астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2908 қылмыс жасалды, оның 1853-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 33 тонау және 382 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы