Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды

19 Қазан 2021, 17:40
3097
Бөлісу:
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы түнгі уақытта елді тонап келген қарақшылар тобын ұстады.

Төрт жігіт негізінен қаланың орталық бөлігінде қарақшылық әрекет жасап жүрген. Олар өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондар мен ақшаларын тартып алып отырған. 

Қарақшылардан жәбір көрген төрт адам полицияға арыз жазды. Қаскөйлер кешкі уақытта күш қолданамын деп қорқытып азаматтардың жеке мүлкін тартып алған. Оңай ақшаға құмартқандар ұсталды. Тергеу кезінде олар істерін мойындады. Бірқатар эпизод бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников. 

Белгілі болғандай, ұсталғандардың ешқайсысы бұған дейін заң бұзбаған. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

Өзгелердің жаңалығы