Алматыда тұмауға қарсы егу басталды

26 Қыркүйек 2023, 18:28
836
Бөлісу:
Алматыда тұмауға қарсы егу басталды
Фото: BAQ.KZ - архив

25 қыркүйектен бастап қаланың барлық емханасында тұмауға қарсы егу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынды. «Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген және құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар иммундауға жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.

Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.

Дәрігерлер тұмау асқынулармен, өлім қаупімен қауіпті екенін еске салады. Науқас бірнеше күн бойы өзін нашар сезінсе де, тұмаудың нәрестеге, қарт адамға және иммунитеті әлсіреген адамға жұқса, оларда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Вакцинация тұмаудың алдын алудың және ауыр асқынудың қаупін азайтудың ең жақсы әдісі (ауру жұқса да) болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы