Алматыда троллейбустардың қозғалыс бағытына өзгеріс енгізілді

20 Тамыз 2021, 11:34
4827
Бөлісу:
Алматыда троллейбустардың қозғалыс бағытына өзгеріс енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Мобильділік басқармасы метрополитенінің «Достық» стансасындағы құрылыс жұмыстарына байланысты бірнеше троллейбус маршрутына өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді. 

Алматы қаласы метрополитенінің «Достық» станциясындағы құрылыс жұмыстарына байланысты 2021 жылғы 20 тамыздағы сағат 23.00-ден 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін №6 және №25 троллейбустар маршруттарының бағытына өзгеріс енгізіледі, - делінген хабарламада. 

Енді №6 маршрут троллейбустарының қозғалысы Шаляпин көшесімен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады. 

Ал №25 маршрут троллейбустарының қозғалысы Абай даңғылымен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы