Алматыда троллейбус бір адамды қағып өлтірді

6 Қаңтар 2020, 10:03
6340
Бөлісу:
Алматыда троллейбус бір адамды қағып өлтірді

Алматы, BAQ.KZ. 5 қаңтар күні кешке Сәтбаев көшесімен келе жатқан троллейбус кенеттен жол жиегіндегі көліктерге соғылған. 

Бұл туралы СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Ішінде жолаушылары жоқ №12 троллейбус Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта автопаркке қарай кетіп бара жатқан. 

Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің денсаулығы нашарлап кеткен, Розыбакиев көшесіне жетпей троллейбус жол жиегінде тұрған Lexus GS 300 пен Honda Accord маркалы екі көлікке соғылған. 

Қатты келген троллейбус екпінмен тротуарға шығып кетіп, бір адамдады қағып барып талға соғылған. Жаяу жүргінші оқиға орында көз жұмды. Мерт болған жігіт 30-35 жас шамасында. Оны троллейбус басып қалғандықтан, көлікті арнайы көтергіш құралымен көтеруге тура келген. Кейін анықталғандай қайтыс болған жігіт сол жердегі Honda Accord көлігінің иесі болып шықты, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы