Алматыда той жасаған мейрамхана 1,5 айға жабылды

18 Шілде 2020, 19:31
1719
Бөлісу:
Алматыда той жасаған мейрамхана 1,5 айға жабылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов онлайн брифинг барысында карантин шараларын бақылау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Ауданда коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау мақсатында қатаң шектеу шаралары қолға алынған. Шектеу шараларын, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстарына ақпараттық тақтайшаларды орналастыру, аудан әкімдігі өкілдерінің, аудандық СЭС, аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің және волонтерлар штабының қатысуымен мониторингтік-түсіндіру топтарының қызмет етуі кіреді.

Оның айтуынша, 5 шілдеден бастап 646 нысан тексерілген, оның ішінде 131 нысаннан санитарлық нормалардың бұзылуы және жұмыс режимін шектеу шаралары анықталған. Ол нысандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Нысандарды бақылау бойынша шаралар күн сайын жүргізіледі.  Қазіргі уақытта 131 нысан тәртіп бұзушылықтар толық жойылғанша өз қызметтерін тоқтатты. Мониторинг топтар тексергеннен кейін ғана бұл нысандар жұмыстарын қалпына келтіре алады, - дейді Е. Бейсеуов.
Сонымен бірге, мониторингтік топтың Түрксіб ауданындағы сотқа берген өтініші бойынша Dostluk мейрамханасының қызметі тоқтатылған, онда карантин режимі кезінде 100 адамға арналған банкет өткізіліпті. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес жеке кәсіпкерге 277 800 тг көлемінде мемлекет кірісіне айыппұл салынған және қызметі 1,5 айға (45 күнге) тоқтатылған.

Сондай-ақ, ауданда 11 жаяу полиция топтары ұйымдастырылып, учаскелік көліктер патрульдеуге және аулалар мен халық көп жиналатын жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге пайдаланылды. Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға бетперде режимін сақтамағаны үшін 25 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұған қосымша, аудандық прокуратурамен бірге дәріханалардағы дәрі-дәрімектердің бағасын бақылау үшін 2 топ жұмыс жасауда.



Өзгелердің жаңалығы