Алматыда TOUR OF WORLD CLASS ALMATY веложарысы аяқталды

7 Тамыз 2023, 04:42
522
Бөлісу:
Алматыда TOUR OF WORLD CLASS ALMATY веложарысы аяқталды
Фото: baq.kz

Жарысқа мегаполис тұрғындары ғана емес, облыстардан да әуесқой спортшылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы уақытта бұл шара халықаралық деңгейде өтетін болды. Осы жолы қырғыз елінен бірнеше велошабондоз арнайы келді. Жарыс үш санат бойынша өтті. Таңғы сағат алтыда жарыс жолына 48 жарым шақырым қашықтықта бақ сынайтын велошабандоздар шықты. Одан кейінгі қатысушылар 33 шақырымды сәтті бағындырды.

Доданы жасөспірімдер аяқтады. Олар велосипедпен 14 шақырымды жүріп өтті. Жеңімпаздың барлығы естелік медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ал абсолютті санатта үздік деп танылғандар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамыту жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Осы жолы әуесқойларға арналған. Бірақ кәсіпқой деңгейінде ұйымдастырылған жарысымыз 8 рет өтуде 2014 жылдан бастап. Осы жолы 700-ге жуық адам қатысты. Осы жылы Алматы Арена бізді қонақжайлықпен қабылдады, - деді ұйымдастырушы Иса Қалқа.

Өзгелердің жаңалығы