Алматыда Тимирязев көшесіндегі бұталарды отап тастаған: Әкімдік түсініктеме берді

10 Қараша 2026, 18:48
АВТОР
 Threads. Коллаж: BAQ.KZ 10 Қараша 2026, 18:48
10 Қараша 2026, 18:48
65
Фото: Threads. Коллаж: BAQ.KZ

Алматыдағы Тимирязев көшесінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тұрғындар наразылық білдірді. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада жол бойындағы бұталардың түгелдей оталғаны айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тимирязев көшесінде бұл жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Бұталардың бәрін жойып тастады. Бұл қашанға дейін жалғасады?, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Жағдайға байланысты Бостандық ауданының әкімдігі пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, тұрғындар көтерген ескертулер бойынша тиісті шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктер жойылған.

Сондай-ақ жол берілген заңбұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны айтылды. Бұған қоса, жұмыс басшылары мен қызметкерлеріне осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Әкімдік негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін абаттандырудың бүлінген элементтері қалпына келтіріліп, айналасындағы аумақ ретке келтірілетінін мәлімдеді.

Наверх