Алматыда терезеден секіріп кеткен қыздың ісі екі бап бойынша тергелуде

10 Шілде 2023, 12:01
1117
Бөлісу:
Алматыда терезеден секіріп кеткен қыздың ісі екі бап бойынша тергелуде
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қалалық ПД интернетте 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен қыз бойынша, өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес, қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ. 

Ведомство мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасуда: 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау". 

Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушысы мен куәгері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болғанын анықтады. Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында, - делінген қалалық ПД таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы