Алматыда "Ten Qogam" орталықтарына 4 мың адам жүгінген

15 Желтоқсан 2023, 14:14
464
Бөлісу:
Алматыда "Ten Qogam" орталықтарына 4 мың адам жүгінген

Бұл туралы тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Аманат Сұлтанғазиев Ұлттық баспасөз клубында атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға қалада «Инватакси» қызметтері ұсынылады. «Инватакси» қызметі қалада 100 автокөлікпен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады. Айта кеткен жөн, биыл «Яндекс такси» такси агрегаторы арқылы пилоттық жоба іске қосылды, бұл қызметке мұқтаж адамдарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 2020 жылдың мамыр айынан бастап мүгедектігі бар адамдарды жан-жақты қолдау және оларды қоғамға интеграциялау үшін қалада «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері «Ten Qogam» орталықтарында 4 155 адам қызмет алды. Ал осы жылдың 3 желтоқсан күні Халықаралық «Мүгедектер күніне» орай «Мүмкіндіктер уақыты» әлеуметтік форумы өтті. Форумға барлығы 300-ден астам адам қатысты, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы