Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» мәдени-танымдық іс-шарасы және көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Кермеге келушілердің назарына фотоқұжаттық, заттық экспонаттар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар қойылды.





Біздің Тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасына қатысты деректі материалдармен таныстыру, Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмегенін, қаншама жастарымыз қыршынынан қиылғандығы туралы мәлімет беру және өсіп келе жатқан жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Еліміздің өткені мен бүгінің қозғай отырып, Тәуелсіздікке қол жеткізудің оңай болмағаның ұғындыру. Жас ұрпақты ұлттық құндылығымыз бен жасампаздығымызды мақтан етуге, өз Отаның сүюге, қорғауға Желтоқсан құрбандарын әрдайым құрмет көрсетуге, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, - деді Мемлекеттік орталық музей директоры Рашида Харипова.
Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Ә.Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері (пиджак, жейде және галстук) бар.




Мәдени-танымдық іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің, «Арыстан» мамандырылған лицейінің курсанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қатысты.

