Алматыда таудан өздігінен түсе алмай қалған үш қыз құтқарылды

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

26 Қазан 2026, 23:55
АВТОР
 Скриншот 26 Қазан 2026, 23:55
26 Қазан 2026, 23:55
155
Фото: Скриншот

Алматы облысының Талғар ауданында Букреев шыңы маңында тауға шыққан үш қыз құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Оқиға теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте болған. 2007 жылы туған қыздар тік беткейге байланысты таудан өздігінен түсе алмай, көмек сұраған.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары қыздармен байланыс орнатып, олардың нақты орналасқан жерін анықтады.

Құтқарушылар үшеуін Бесағаш кентіне қарай бағытталған автомобиль жолына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Қыздар сапарларын өз беттерінше жалғастыруды жоспарлаған.

Наверх