Алматыда тауар айналым 3,5%-ға артты

29 Қараша 2021, 11:42
1048
Бөлісу:
Алматыда тауар айналым 3,5%-ға артты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

Жыл басынан бері Алматыға 803 млрд теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары. Тауар айналым 3,5%-ға артқан. Жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ мөлшері 3 пайыздан асуы мүмкін. ЖІӨ-дегі ШОБ-тың үлесі 52%,-деді ол.

Сонымен қатар ол бұл жұмыстың барлығы ірі бизнес өкілдерімен диалог орнату арқылы іске асқанын жеткізді.

Almaty Investment – кәсіпкерлікті дамыту мен қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды талқылауға арналған басты инвестициялық форумға айналды. Инвестфорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және бүкіл әлемнің мемлекеттік сектор, бизнес басшылары мен инвестициялар мен инновациялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың кездесуіне арналған эксклюзивті алаң болып қала береді. Биыл Форум Іскерлік кеңеспен бірлесіп екінші рет ұйымдастырылды,-деді Оразалин.

Биыл инвестфорумда Алматы үшін стратегиялық мәселелер – агломерация, урбандалу, цифрлық трансформация және адами капиталды интеграциялау талқыланбақ.

Осы форум аясында қала әкімдерімен «Жаңа Жібек жолы мегақалалар» телекөпірі, қазақстандық және шетелдік компаниялардың сарапшылары мен ірі өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар, «Жыл жобалары» көрмесі өтеді, онда Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жобалары мен бастамалары ұсынылады,-деді ол.

Сонымен қатар, ол биыл Алматының Іскерлік кеңесі алғаш рет әлеуметтік жобалар байқауына бастамашы болғанын атап өтті. Оның қорытындысы бойынша үздіктерді кеңес мүшелері мен қала меценаттары қаржыландырады.

Өзгелердің жаңалығы