Алматыда тау бөктері тағы да өртке оранды

23 Сәуір 2020, 18:11
1333
Бөлісу:
Алматыда тау бөктері тағы да өртке оранды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы Ерменсай шағын ауданында тау бөктері өртенді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірде сағат 15.15 минутта Бостандық ауданының тұрғынынан Ерменсай шағын ауданынан жоғары, таудың батыс баурайында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы қаласы ТЖД арнайы  жасағы алдын ала әзірленген табиғи өрттерге қарсы тұруға  жоспары бойынша жіберілді, - делінген хабарламада. 

Желді ауа райына байланысты өрттің саяжай үйлері мен алма бағына қарай таралу қаупі туындаған. Күштер мен құралдар бірден саяжай алқабын қорғауға тартылған. 

Қабылданған шаралармен  өрт сағат 16.32 кезінде сөндірілді. Өрт  0,8 гектар алаңға жайылған. ТЖД –нен 39  жеке құрам, 7 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, кеше Медеу ауданындағы Мохнатка тауының баурайы да өртеніп, тілсіз жау 0,5 гектар аумаққа жайылған еді.
Өзгелердің жаңалығы