Алматыда тас жолда төбелескен жүргізушілер іздестіріліп жатыр

7 Ақпан 2024, 13:11
2485
Бөлісу:
Алматыда тас жолда төбелескен жүргізушілер іздестіріліп жатыр
Фото: kris.p.karasai

Алматы-Бішкек тас жолында көліктері соқтығысқан жүргізушілер жол үстінде жанжал шығарып, төбелескен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнеролик әлеуметтік желілерде тарады. Куәгердің айтуынша, бұл Алматы-Бішкек тас жолында болған. Бұл жағдайға Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді. 

Аталған жағдай Қарасай аудандық полициясына бұзақылық дерегі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер қосымша беріледі, – дейді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы